$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада жаңадан ашылған Ұлттық мұражай Кенесары ханның басын қазаққа қайтара ала ма?

AstanaTV
04.07.2014ж. 13:00
2649
Астанада жаңадан ашылған Ұлттық мұражай Кенесары ханның басын қазаққа қайтара ала ма?

Жаңадан ашылған Ұлттық мұражай Кенесары ханның басын қазаққа қайтара ала ма? Музей директоры сұраққа абайлап жауап берсе де, бұл бағытта жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Дархан Мыңбай жалпы шетелде жатқан тарихи құнды мұраларымызды елге қайтару мақсатында бірталай шаруа жоспарланып тұрғанын айтты.

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық мұражайының директоры:

Өте қиын, бұл бірнеше рет көтерілген. Ол бойынша біз тек жұмыс жүргіземіз.
- Ол Эрмитажда бар ма?
- Мен оны айта алмаймын. Ғалымдар әр түрлі айтып жатыр, біреулер былай дейді, біреулер былай дейді. Оны айтуға менің дерегім басқа жоқ боп тұр қазір.

«Бүгінде бірталай баға жетпес жәдігерлеріміз музей төрінен орын алып үлгерген. Оның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» да бар. Ашылу салтанаты алдында жәдігер Алматыдан жеткізілді», - деді музей басшысы.

Алайда жаңа ғимараттың қауіпсіздік жағдайы әлі толық жетілдірілмегенге ұқсайды. Дархан Мыңбайға сұрақ қойған кейбір тілшілердің айтуынша, музейдің бірінші қабатында бейнебақылау камералары жоқ. Музейде Франция, Ресейден бастап өзге елдерден де көшпелі көрмелер қойылады. Бірақ, ол көрмелерді де, жалпы музейдегі отандық көрме залдарын да қанша теңгеге тамашалуға болатыны әзірге белгісіз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ