Әулиеаталықтар қоныс тойын тойлады! Бүгін Тараздың Бәйтерек мөлтек ауданында 140 отбасыға пәтер
кілттері табыс етілді. Астананың туған күніне орай әлеуметтік жағдайы төмен
отбасылар, соғыс ардагерлері мен жас мамандарға баспана алу бақыты бұйырды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары пәтерге ие болғандарды қоныс тойымен
құттықтады.
Бертай Жаскіленов, ҰОС ардагері:
Айналайын, баларым, аталарыңды құрметтеп келгендеріңе,
мерекеге келіп отырғандарыңа үлкен рахмет. Айналайын, қабыл болсын! Жақсылық
күн болсын қарағым!
90 жастағы қария Талас ауданы Майтөбе ауылынан қалаға
көшіп келген. Бірден үй кезегіне тұрғанын айтады. Енді, міне, жарты жыл ішінде
2 бөлмелі пәтер алып, немере-шөбересімен бақытқа бөленуде. Ал облыс әкімі
орынбасарының айтуынша, дәл осындай ардагерлер мен әлеуметтік топ өкілдеріне
Қаратау және Жаңатас қалаларынан 120 пәтерлі үй берілді.
Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы
әкімнің орынбасары:
2014 жылы біз 256,5 мың шаршы
метр тұрғын үй береміз. Оның ішінде және қосымша жеке тұрғын үй алаңдарын салу
да есептелген. Жалпы, Тараз қаласы бойынша биыл өздеріңіз көріп отырсыздар 2 үй
беріп отырмыз. Екінші жарты жылдықта бес үй береміз.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ