Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елорда күні қарсаңында "Астана жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесі өтуде

AstanaTV
04.07.2014ж. 20:00
2213
Елорда күні қарсаңында "Астана жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесі өтуде

Қазақ эстрадасы сапаға ұмтылуда. Елорда күні қарсаңында "Астана жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесінің өтуі осының бір айғағы. Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға отандық шоу-бизнестің қаймақтары жиылып, жылдың үздіктерін анықтады. Дәстүр бойынша, бәйге шығармашыл элитаның қызыл кілемнен жүріп өтуімен басталды. Мұнда отандық жұлдыздар тіпті голливудтық әріптестерден асып түсті. Думанды кештің қызығы туралы келесі материалда. 

«Астана жұлдызы» - «Гремми», «Алтын граммофон» сыйлықтарынан еш кем түспейді. Күннің бұлыңғырлығына қарамастан, Бейбітшілік және Келісім сарайының алдына жиналғандар аз болмады. Қызыл кілем, папараций, сүйікті жұлдыздарын асыға күткен қалың көрермен. Көп кешікпей, кеш жұлдыздары да біртіндеп келе бастады. Барлығынан Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева ерекшеленді. Ханымдар қызыл кілем алдына дейін трактор айдап келді.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айжан Нұрмағамбетова ханшайымнан кем еместігін көрсетіп, күймеге мініп келсе, Роза Рымбаева да өзгеше стильді таңдаған.

Роза Рымбаева, Қазақстан Республикасының Халық әртісі:

Бүгінгі менің образым ерекше, космос стилі дейді ғой, қыздардың көбі гламур дейді ғой, менікі мүлдем басқа стиль, сондай ерекше болам бүгін.

Тура екі сағат бойы астаналықтар мен қала қонақтары үлде мен бүлдеге оранған сымбаты сымдай тартылған эстрада және кино жұлдыздарымен суретке түсіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Кейін марапаттың өзі де басталды. Бұл жолы рәсімді Айгүл Иманбаева мен Нұрдәулет Шертiм сондай-ақ, Баян Есентаева мен Динара Сәтжан жүргізіп, зіл әзілімен кештің көркін қыздыра білді.

Сахна сыртында жүргізушілермен тілдесудің де орайы келді. Бір-бірін қағыта сөйлеген Баян мен Динара мұның барлығы әзіл дей келе, өмірде жан құрбылар екенін жасырмады.

На самом деле мы подружки. Но это шоу, мы должны развлекать, должно быть легко и интересно. И поскольку мы в этом деле профессионалы с поддёвочкой, это у нас хорошо получается.

Көп ұзамай жүйріктердің есімдері де белгілі болды. Жігіттер арасындағы жылдың үздік әншісі болып Медеу Арынбаев танылды. 

Медеу Арынбаев, "Ерлер арасындағы үздік орындаушы" аталымының иегері:

Екі шығармамды, әнімді айтқан едім, ұйымдастырушылар биыл да кіргізіпті. 

Ал қыздар арасындағы үздік орындаушы номинациясына жас әншілер Жанар Дұғалова мен Луина, және белгілі әнші Тамара Асар таласты. Бас жүлде Жанар Дұғаловаға бұйырды. Жанар мүшесі болып табылатын КешYou тобы «Ең үздiк қыздар тобы» атағына лайық деп танылды.

Ал үздік жігіттер тобы номинациясы «Rin’go» тобына берілді. Аталымға таласқан «Ордалықтар» болса, ешқандай реніш жоқ дейді.

«Орда» тобы:

Менің ойымша, әділетті болды деп ойлаймын. Себебі жастарға жол беру керек.

«Ең үздiк композитор» ретінде Ренат Ғайсин танылды. «Жыл жаңалығы» жүлдесі Ғалымжан Молданазарға бұйырды. Әбдрахман Асылбек «Үздiк ақын» деп танылса, «Жыл әнi» аталымында Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы «Махаббат» композициясымен жеңiмпаз атанды. Жалпы, «Астана жұлдызы» байқауы отандық әндердің сапалы да мәнді болуын меңзейді. Мұндай дүниелердің сұранысқа ие болуына жағдай жасайды. Байқау шоу-бизнестегі ең жарқын жобаға айналып отыр.

Айта өтейік, "Астана жұлдызы" екінші ұлттық музыка бәйгесінің теленұсқасын Астана арнасынан 7 шілдеде сағат 20-00 де көріңіздер.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА