$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Алматыда қазақ футболының жайына журналистер мен кәсіподақ ұйымы алаңдады

AstanaTV
04.07.2014ж. 20:00
898
Алматыда қазақ футболының жайына журналистер мен кәсіподақ ұйымы алаңдады

Қазақ футболына сырттан ойыншыларды заңсыз әкелу белең алып тұрғанда, даму болмайды. Спорт саласына қалам тербеген журналистер мен футбол кәсіподақ ұйымының өкілдері осындай пікірде. Ата Заңды белден басып, футболшыларды жалған төлқұжатпен әкелетін клубтар жазалануы керек.

Осы тақырыпқа журналистік зерттеу жүргізген Леонид Юрьев екі елдің азаматтығын алып, доп теуіп жүрген футболшыларды әшкерелеген. «Тобыл» құрамындағы македониялық Никола Тонев солардың бірі. "Қазақстандық клубтың құрамында заңсыз ойнап, жалақы алып жүр, деп есептейді", - тілші. Жалпы, кез-келген легионерге қатысты тексерулер жүргізу қажет. Бұл мәселеге қоғамның назарын аудару үшін бастамашыл топ Қазақстан Футбол федерациясының атына ашық хат дайындап жатыр. Ал биылғы премьер-лигаға 53 легионер қатысуды жоспарлаған.

Леонид Юрьев, спорт журналисі:

Легионерлер санын шектемей, футболда даму болмайды. Өз жасөспірімдеріміздің арасынан футболшылар дайындауды ешкім ойлап отырған жоқ. Әрбір 25 ойыншының 7-уі сырттан келеді. Егер олар заң аясында жүрсе, бір жөн. Кейбірінің екі азаматтығы бар. Бұл Қазақстан заңына қарама қайшы.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ