Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Салық органдары эстарада жұлдыздарының табысын қадағаламақ

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
1535
Салық органдары эстарада жұлдыздарының табысын қадағаламақ

Салықтан жалтарып, табысын жасырған жұлдыздар енді қатаң тексеруге ілігеді. Бұл туралы Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мәлімдеді. Салықшылар бұған дейін өнер адамдарына түсіндіру шараларын жүргізген. Алайда ешкім өз еркімен табыс салығын төлеуге ниет танытпапты. Бүгін департамент сайтында салықтан жалтарды деген күдіктілердің тізімі жарияланды.

Олардың қатарында танымал әншілер баршылық. Мәселен, Бүркіт бір жылда - 180 млн теңге, Асхат Тарғынов - 172 млн, Әлішер Каримов - 135 млн, Дильназ Ахмадиева - 108 млн, Әли Оқапов- 54 млн,  Жанар Дұғалова - 45 млн  теңге табыс тапқаны көрсетілген. Салықшылар бұл деректерді «Форбс» порталындағы мақаланы негізге ала отырып, жария еткен. Енді фискальды орган қызметкерлері нақты тексерулер жүргізіп, олардың салықтан жалтару фактілерін анықтап, шара қолдануды көздеп отыр.

Еділ Әзімшайық, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Салықтың толық соммасын анықтауымз қажет - қанша салық төленбеген. Егер ол 2 мың АЕК асса, онда қылмыстық іс қозғалады. Ол 2 мың АЕК деген 4 млн теңге. Ал тексеру бойынша 30 пайыз көлемінде айыппұл салынатын болады. 

Біз өнер жұлдыздарының өздеріне телефон шалдық. Әншілер ашық сұқбат беруден жалтарды. Негізінен табысы туралы айтпауға тырысты, кейбірі тіпті бұл мәселе бойынша мазаламауды өтінді.

Әли Оқапов, әнші:

Салық туралы комментарий бергім келмейді. Бүгін маған қоңырау шалған журналист қалмаған шығар. Ештеңе айта алмаймын.

Мақпал Исабекова, әнші:

Ешқандай түсінік бере алмаймын. Бұл мәселе бойынша тағы да айтамын, маған хабарласпаңыздаршы, өтініш!

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ