«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабының өңірлерге
сапары жалғасын тапты. Бүгін штаб мүшелері Ақмола облысының диханшыларымен
жүздесіп, кейін «Родина» агрофирмасына
барды.
Айта
өтейік, фирма - еліміздің алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі. Мұнда
"желіні жер сызған" асыл тұқымды сиырлар тəулігіне тонналап сүт
береді. Заманауи технологиялар орнатылған зауыт тек табиғи өнім шығаруға
дағдыланған. Сондай-ақ, нұротандықтар сайлауалды бағдарламасымен
өңірдің этномəдени орталық өкілдерін таныстырды. Ұлт жоспарында айқындалған
бірлік пен бірегейлік институционалды реформасын іске асыру сұхбатқа арқау
болды.
Қанат
Әділбеков, «Родина» агрофирмасының бас агрономы:
Мемлекет
басшысының аграрлық салаға деген ерекше ықыласы нәтижесінде көп табыстарға
жеттік. Енді біз ел экономикасының қозғаушы күшіне айналарымызға сенімдіміз.
Біздің таңдауымыз - «Нұр Отан».
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА