$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Ақтөбеде тастанды сәби бөбектер үйіне жөнелтілді

20 мамыр 2016
1011
Ақтөбеде тастанды сәби бөбектер үйіне жөнелтілді

Ақтөбеде анасы дәретханаға тастап кеткен нәресте облыстық «Үміт» балалар үйіне жөнелтілді. Перинаталды орталықтағы дәрігерлер Мәншүк деп атаған сәбидің денсаулығы жақсы. Бір аптаның ішінде 200 граммға жуық салмақ қосқан. Орталық мамандары қажетті құжаттарын да әзірлепті.

Гүлстан Қабылова, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы:

Түскен кездегі дене температурасы өте төмен болды. 34 градус. Қазіргі жағдайы қалыпты. Өздігінен емізікшені емеді. Жасанды жолмен тамақтандырамыз. 

Еске салайық, мамырдың 12-і түні Ақтөбеде аулалардың біріндегі дәретханадан сәби табылған болатын. Полицейлер мен дәрігерлерді шақырған жергілікті тұрғын нәжіс шұңқырында жатқан нәрестені алып шыққан. Перзентін қасақана өлімге қиған көкек ана іздестірілуде. Табылған жағдайда, Қылмыстық кодекстің 100-ші, яғни жаңа туған нәрестесін өлтіруге оқталу бабымен іс қозғалады. Бұл бап 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Мансұр ЕСҚОЖИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар