Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Қасиетті жол» қоры сал ауруына шалдыққан сәбилерге медициналық жабдықтар сыйлады

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
4102
«Қасиетті жол» қоры сал ауруына шалдыққан сәбилерге медициналық жабдықтар сыйлады

Сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер енді өз бетімен жүріп-тұра алады. Астанадағы оңалту орталығында ем қабылдап жатқан оларға мұндай мүмкіндікті қайырымды азаматтар сыйлаған.

Елордада 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Балалардың өмірін гүлдендір!» атты акция өткен еді. 3-4 күннің ішінде еріктілер тобы 5 мыңға жуық қызғалдақ сатып, 2 миллион 550 мың теңге көлемінде ақша жинаған. Ол қаржыға «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры сал ауруына шалдыққан бүдіршіндерге жаңа медициналық жабдықтар сатып алды. Бұл құралдар жүре алмайтын бүлдіршіндерге зор көмек, дейді қор мүшелері.

4 жасар Юрий Савасин заманауи медициналық жабдықтың көмегімен өзінің алғашқы қадамдарын жасады. Енді сал ауруына  шалдыққан өзге бүлдіршіндер де осындай мүмкіндікке қол жеткізе алады.

Динара Закиева, «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы:

Бұл жай ғана жабдық емес. Бұл талай бүлдіршінге өз бетінше жүріп-тұруға, жаңаша өмір сүруге мүмкіндік беретін құрал. Сіздер бұл балалар үшін қолдарын бастарына дейін көтерудің қаншалықты қиын екенін білсеңіздер. Сондықтан олардың өмірін жеңілдету үшін біз жұмысымызды жалғастыра береміз. 

Берік ХАСЕНОВ