Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру тұрғысындағы мақаласы республикалық басылымдарда жарияланды

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
2933
Президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру тұрғысындағы мақаласы республикалық басылымдарда жарияланды

«Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол». Бүгін республикалық басылымдар Президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру мақсатында жазған мақаласын жариялады. Онда 5 институционалды реформаны іске асыру жолдары тегіс қамтылған. Түпкі мақсат - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру. «Қазақстандық арман да осы мақсатпен ұштасады», - дейді сарапшылар. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.  


Былтыр жыл бойы сөз болған Ұлт жоспарын іске асыратын кез жетті. «100 нақты қадам» - өткен жылы үтір, нүктесіне дейін талданып, талқыланған құжат. Оны кедергісіз жүзеге асыру үшін, 59 заң күшіне енді. Мемлекеттік қызмет пен сот жүйесін жетілдіру, экономиканы индустрияландыру, халық алдында есеп беретін үкімет құру, ел бірлігін нығайту. Белгіленген бес бағыт бойынша үкімет басындағыларды ауқымды жұмыс күтіп тұр. Көзбояушылыққа жол берілмейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Никаких  декоративных работ, имитации реформ не допустим. Кто будет сопротивляться, он отойдет, мы назначим другого человека, который будет проводить реформы. Я специально поэтому предупреждаю: за всё это персонально отвечают руководители.

Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет. Енді жер жерде Қоғамдық кеңестер құрыла бастайды. Оның үштен екісін халық өкілдері құрауы тиіс. Ал жетекшісі мемлекеттік қызметте жоқ белгілі қоғам қайраткерлері болады. Қоғамдық кеңестерге бюджеттің орындалуын, стратегиялық жоспарларды, аймақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау құқы беріледі. Олардың отырыстарында атқарушы биліктің  есептері тыңдалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Подотчетность Правительства, начиная с акиматов сельских, районных, городских, областных. Все отчитываются перед народом. Соответствующие министерства тоже на регулярной основе будут отчитываться перед народом. И будет специальная отчетность по определенным Правительством правилам исполнительной власти всех уровней.

Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады. Оған қоса, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, «Ұлттық чемпиондар» іріктелген. Оған импортты алмастыратын аса перспективалы компаниялар таңдалды. Барлығы 32. Олар 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 млн доллар көлемінде өсіруді, 15 мың жұмыс орнын құруды, еңбек өнімділігін 30-50%-ға арттыруды және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 260 млн долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Ал қазақстандық арман ұғымы жеке бастың материалдық жетістігімен шектелмейді.

Мәдина Нұрғалиева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы бөлімінің жетекшісі:

Қазақстандық арманның біз білетін америкалық арманнан өзіндік айрымашылығы бар. Біздің арман материалдық жетістікке жетумен шектелмейді. Біз дамыған 30 елдің қатарына кіруді ойлаймыз. Жағдайы жақсы орта тапты қалыптастыру, саяси тәуелсіз шешім қабылдау құқы бар, не қажетін айта алатын, дені сау, білімді, рухани бай адамдардың қоғамын құру. Қазақстандық арман отанмен тығыз байланысты.

Табыстың тағы бір тетігі ретінде транзиттік мүмкіндіктер барынша пайдаланылады. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 7 мың шақырым жол жөнделеді. 2020 жылға қарай ақылы жолдан түскен табыс 41 млрд теңгені құрайды. Бұл сома тас жолдарды жыл сайын жөндеу шығынын жабады деп есептелген.

Бастысы «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» құру жобасы басталды. Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді және тасымал құны 2 есеге арзандайды. 2020 жылы Қазақстан арқылы көліктің барлық түрлерімен транзиттік тасымал қазіргі 18 млн тоннадан 33 млн тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн тоннаға жетеді. Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік реттеуден босату алдағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннаға ұлғайтуға сеп болады деп күтіледі. Ал "Астана халықаралық қаржы орталығының" құрылуына орай, 2019 жылға дейін Токио, Сингапур және Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарына қатынайтын жаңа халықаралық бағыттар ашылады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ