Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Сарапшы Әсет Ерғалиев: Ұлт жоспары елімізді дағдарыстан алып шығады

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
2616
Сарапшы Әсет Ерғалиев: Ұлт жоспары елімізді дағдарыстан алып шығады

Ұлт жоспарын жүзеге асыру қарқынына сыртқы факторлар әсер ете қоймайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылаған сарапшы Әсет Ерғалиев осындай ойын жеткізді. Оның айтуынша, құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асуы уақытылы қолға алынды. Ол, «100 нақты қадам» - Қазақстанның бүгінгі күрделі экономикалық жағдайдан шығуының бірден бір сарабдал жолы, деген пікірде.

Әсет Ерғалиев,  «Экономикалық зерттеулер институты» басқармасы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр - 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Реформалар сапалы өсімді қамтамасыз етеді. Экономикалық тарих көрсетіп отырғандай, жеке секторға басымдық беретін елдер дағдарыстық жағдайға нәтижелі тойтарыс беріп, бұл кезеңнен тезірек өтеді. Олар жаңа конъюнктура жағдайында жылдамырақ әрекет етеді.

Бүгін Мемлекет басшысының "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» реформасының жүзеге асырылу барысы туралы ресми түрде əрі толық ақпарат беретін «100kadam.kz» сайты іске қосылды. Сайт қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Болашақта ұялы телефондарға арналған нұсқасы іске қосылмақшы. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашу жоспарланыпты. 

Порталдың ерекшелігі - жүз нақты қадам бір сайтта орналастырылған. Сайттағы ақпарат негізгі бес бөлімнен тұрады, яғни бес интитуционалды реформа толық көрсетілген. Сайттағы тағы бір орталық функционалды бөлім - ол жаңалықтар. Онда 100 қадамға қатысты іс-шаралар туралы ақпараттар жарияланбақ. 
 
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА