Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үкімет жекешелендіруге жататын компаниялардың толық тізімін жариялады

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
1135
Үкімет жекешелендіруге жататын компаниялардың толық тізімін жариялады

Бүгін үкімет жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың толық тізімін жариялады. 2016-2020 жылдар аралығындағы жекешелендірудің кешенді жоспарында мемлекеттік және квазимемлекеттік 65 ірі кәсіпорын мен олардың еншілес компанияларының атауы бар.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланған тізімде «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «ҚазАтомөнеркәсіп», «Қазпошта», «Эйр Астананың» үлестері халықтық IPO арқылы сатылады делінген. Жеке қолға өтетін кәсіпорындардың қатарында сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауыты, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, «Қазақстан ғарыш сапары», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Қазгеология»,«Қазақавтодор» сынды ірі компаниялар мен бірнеше қаланың халықаралық әуежайлары бар. Бәсекелі ортаға өтетін мекемелер тізіміне «Самұрық Қазына» қорының құрамына кіретін компаниялармен қатар, «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтерінің еншілес кәсіпорындары енген. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ