Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

КХДР сутекті бомбаны сынақтан өткізді

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
1862
КХДР сутекті бомбаны сынақтан өткізді

Солтүстік Корея әлемді тағы дүрліктірді. Бүгін Пхеньян кезекті сутекті бомбаны сынақтан өткізген. Мұны елдің орталық телеарналарына сілтеме жасап, "Рейтерс" хабарлады. Жаңалық елді аяғынан тік тұрғызды.

Десе де, ресми Вашингтон бұл мәлімдеменің шынайылығына күмәнмен қарайды. Сеул мен Токио болса, шұғыл түрде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын ашуға мәжбүр болды. Жапонияның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы да шұғыл жиын өткізбек. Жапония билігі мұны елге төнген қауіп деп бағалап, бұған жауап беретінін мәлімдеп үлгерді. Оңтүстік Корея Пхеньян БҰҰ резолюциясын аяқ асты етті деп, сазайын тарттыру үшін барлық шара қолданатынын хабарлады.

Бұл аздай бүгін Оңтүстік Кореяда жер сілкінді. Мұны метеоорталық мамандары табиғи емес, сынақтан соң туған құбылыс деп болжады. Айта өтейік, бұл 2005 жылдан бері тіркелген 4-ші ядролық сынақ. Дәл сол жылы Пхеньян өзін ядролық державаға айналғанын ресми мәлімдеген еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА