Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ президенті қару-жарақ туралы заңды қатаңдатпақ

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
2861
АҚШ президенті қару-жарақ туралы заңды қатаңдатпақ

Америка халқы жаппай қару-жарақ сатып алып жатыр. Бұған АҚШ президенті Барак Обаманың "Қару-жарақ туралы заңды қатаңдату" бағдарламасы түрткі болған. Бүгін Ақ үйде Барак Обама заңның қажеттілігін тағы сөз етті. Ньютаундағы бастауыш мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз балалар қаза тапқанын еске алып, көзіне жас та алды. Обаманың эмоцияға толы баяндамасын Fox News телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Барак Обама, АҚШ президенті: 

Біз жаппай өлім тіркеліп жатқан әлемдегі жалғыз дамыған елміз. Алайда бұл олқылықты болдырмаудың жолдарын іздестіріп жатқан жоқпыз. Менің ойымша, қару-жарақ бірқатар белді ұйымдар үшін бизнестің көзіне айналды. Кез-келген шектеу бірінші кезекте соларға ауыр тиіп отыр.

Айта өтейік, Барак Обама  аталмыш заңды Конгресстің қолдауынсыз-ақ мақұлдамақ. Ал, Конгресс қару-жарақ емін-еркін саудада жүрсін деген ұстанымда. Әсіресе Ұлттық атқыштар қауымдастығы наразылық танытты. Республикашылар да заң нормасын қатаң сынға алып отыр. Бұған дейін қару-жарақты иелену үшін куәлік көрсету жеткілікті болатын. Ал жаңа заң әр қарудың тиісті лицензиямен саудалануын талап етеді. Бұл нормаға қарсылық танытқандар қару-жарақ сақтық шаралары үшін ауадай қажет деген позицияны ұстанып отыр. Атқыштар қауымдастығының келтірген дерегіне сай, 200 мыңдай әйел қару қолдану арқылы қорлықтан аман-есен қалған.

Эрл Кертис, ұлттық атқыштар қауымдастығының төрағасы:

Жоқ, менің ойымша, заң нормасы тиімді емес. Шектеулер оң нәтиже бере қояды дегенге сенбеймін. Жаңа нормаға үзілді-кесілді қарсымын. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА