Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда қос дәрігерге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
1357
Қостанайда қос дәрігерге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

Қостанайда ұзақ тергеуден соң қос дәрігерге қатысты сот отырысы жалғасын тапты. Осыдан екі жарым жыл бұрын облыстық түберкулезге қарсы диспансердің бөлім меңгерушісі мен фтизиатр дәрігеріне қатысты «кәсіби міндетін дұрыс атқармады» деп қылмыстық іс қозғалып, іс қалалық сотта қаралған еді. Сол тұста айыпталушылар өз кінәларын мойындамай, «науқас бала диспансерге дейін гепатит А вирусын жұқтырған, жұқпалы індет оның оңалып кетуіне еш мүмкіндік бермеді» деп ақталды. Сол тұста сот істі қосымша тергеуге қайтарған еді.

Берік Сұлтанғазинов, Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокуроры:

Өкпе дертіне қарсы күшті дәрілік препараттар баланың бауырына токсикологиялық зақым келтірген. Соның салдарынан Сағандиев қайтыс болған. 

Зәуреш Дүйсембина, марқұмның анасы:

Дәрігерлердің қателігінен балам қайтыс болды. Маған ештеңе айтпай, емдеуді жалғастыра берген. Бауырына күш түсе бастағанда дәрі-дәрмек беруді тоқтатуы керек еді ғой. Енді олардың тиісті жазасын алатындарына сенемін.

Еске салайық, Зәуреш Дүйсембина 6 жыл бұрын өкпе ауруына шалдыққан 4 жастағы сәбиін облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдетуге әкелген. Алайда, кішкентай балғынның бауыры күшті препараттарды көтере алмай, екі айдан кейін көз жұмады. Баласынан айрылған ана содан бері сот табалдырығын тоздырып жүр. "Өз міндетіне салғырттықпен қараған дәрігерлер жазаға тартылуы тиіс",- дейді. 

Заңғар САНАЙ