$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Қарағандыда жылу құбыры, ал Оралда су құбыры жарылды

05 қаңтар 2016
1474
Қарағандыда жылу құбыры, ал Оралда су құбыры жарылды

Қарағандыда жылу құбырынан атқылаған ыстық судан 8 баспана апатты жағдайға түсті. Ал Оралда суық су құбыры жарылып, 3 үйге су кірген. Енді тұрғындар күн жылына баспанасыз қаламыз ба деп қауіптенеді. Оларға төтенше жағдайдан келген шығынды кім өтейдіӘріптесім Айжан Қуаштың репортажы

Қарағандылық зейнеткер Николай Ткаченко түн ортасында үйіне ыстық су кіргенде есеңгіреп қалғанын айтады. Не болғанын түсінбестен, далаға жүгіріп шыққан. Кейін үйдегілерді терезеден әрең шығарып алыпты. Кейін есігінің алдындағы жылу магистралін жүк көлігі соғып кеткенін білген. Осының салдарынан Құрманғазы, Космонавттар көшесіне 2 тоннадан астам су атқылып, 8 үйді басып қалған.

Мен бұл жерде 26-27 жыл тұрамын. Мұнда жылу құбырлары бар деген ешқандай белгі қойылмаған. Түскен қар да тазаланбаған. Сондықтан апатқа жол, коммуналдық қызметтер де кінәлі. Олар құбырдың ені мен биіктігін дұрыс есептемеген.

Жергілікті полиция құбырды соққан ауыр көліктің жүргізушісін анықтап, сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізіп жатқандарын хабарлады. Ал, жылу таратушы «Теплотранзит» мекемесінің мәлімдеуінше, құбыр қалалық әкімдікке тиесілі. Әрі барлығы Заңға сай тартылған. «Сондықтан өтемақыны қай ұйымның төлейтінін сот шешеді»,-деді.

Ералы Каспиев, Қарағанды қаласы «Теплотранзит» ЖШС заң бөлімінің жетекшісі:

Үстіндегі тиелген жүктің биіктігін есептемегенде, жүк машинасы астынан еркін өтіп кете алады. Яғни машинаның өзі емес, үстіндегі жүгімен қағып отыр. Сол себепті осы апат орын алып отыр. Қазір материалдық шығын есептеліп жатыр. Біздің тарапымыздан, «Теплотранзит» мекемесінің тарапынан. Сот орындарына шағым түсіру керек. Сот органдары тиісті жауапкерді анықтайды.

Орал қаласында да суық су құбыры жарылып, үш үйге су кірген. Халық енді күн жылына үйіміз құлай ма деп қауіптенеді.

Марат Қоғабаев:

Үйім құлайын деп тұр. Ертең күн жылынса болды - шаруасы бітеді. Бір үйдің құны қанша екенін білесіз.  Мен енді су арнасы мекемесі мықтап көмек көрсетеді деп айта алмаймын.

Қазір апаттың салдары жойылды. Құбыр осыдан 5 жыл бұрын тартылыпты. Кепілдік мерзімі де өтіп кеткендіктен, жергілікті су арнасы келген шығынды өтеуге уәде берді.

Асылбек Саққазов, Орал қаласы «Батыс су арнасы» ЖШС директоры:

Апаттық бригада судың бәрін сорып тазартқан. Бірақ шығын бар, сол кісінің есептеулерін ескеріп, Алла қосса, олармен бірігіп, қалалық әкімдік және «Батыс су арнасы» мекемесімен қарап, келген шығынды қайтарып береміз.

Ал, қарағандылықтар құзыретті мекемелерден жылу құбырларының техникалық жағдайын қайта қарап, арнайы жол белгісін қоюды сұрайды.

Айжан ҚУАШ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар