Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қарағанды археологтары мұражайға жаңа жәдігерлер тапсырды

AstanaTV
08.08.2014ж. 20:00
2329
Қарағанды археологтары мұражайға жаңа жәдігерлер тапсырды

Қарқаралы жеріндегі көне қорым. Қарағанды өңірінің археологтары осындай құнды қазынаны тапты. Тасмола мәдениетіне жататын 5 қорымнан түрлі әшекейлер, ошақ басында қолданылатын бұйымдар мен қару жарақтар табылған. Әйел адамның қабірінен алынған алтын жүзік пен күміс айна да тым жақсы сақталыпты.

Алдын-ала болжам бойынша, бұйымдар біздің дәуірімізден 6-7 ғасыр бұрын жасалған. Ал ер адамның моласынан жебе ұштарының қалдықтары табылды. Барлық артефакттар темір дәуіріне тиесілі. Орталық Қазақстаннан табылған заттардың арасынан ғалымдар тасқа айналған органикалық қалдықтарды да кездестірді. Көне заттар енді толықтай тексеруден өткізіліп, облыстық өлкетану мұражайына жіберіледі.

Жұрағат БАМАН