Түркия
премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған президент сайлауында жеңіске жетті.
Осылайша Ердоған Түрік республикасының жаппай дауыс беру арқылы сайланған алғашқы президенті атанды. Бұрын елде президентті парламент таңдайтын.
Жексенбіде өткен сайлауда Тайып Ердоған жалпы дауыстың 51,8 пайызын жинап,
жақын қарсыласы консерватор Экмеледдин Инсаноғлудан 13 пайызға артық түсті.
Бұл ақпаратты Түркияның орталық сайлау комиссиясы растап отыр.
«Башбаканды»
ұлықтау рәсімі 28 тамызда өтеді. Бүгінде қарсыластары Экмеледдин Инсаноғлу мен
сайлауда 9,7% дауыс жинаған Селахаттин Демирташ та жаңа сайланған
президентті таза жеңісімен құттықтады. Айта кетейік, Реджеп Тайып Ердоған Түркия премьер-министрі қызметін 2003 жылдан бері атқарып келеді. 1994-1998 жылдары ол Ыстамбұл қаласының мэрі болған.
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Тайып Ердоғанды
сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлады. "Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы
беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның
халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың
айқын дәлелі болды. Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық
деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынас нығая түсетініне кәміл сенемін. Сізге зор
денсаулық, жаңа қызметте толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір
мен құт-береке тілеймін», - делінген жеделхатта.
Жұрағат БАМАН