Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Бірлік» партиясы елдің салық заңнамасын жетілдіруді ұсынды

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1692
«Бірлік» партиясы елдің салық заңнамасын жетілдіруді ұсынды

«Бірлік» партиясының үгітшілері халықты отандық өнімді күнделікті қолдануға шақырды. Бүгін партияның сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысының іргелі кәсіпорны «Маслодел» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті. Партиялықтар кәсіпорынның өнімімен танысып, сәті келгенде өздерінің сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

«Бірлік» мүшелері отандық шағын және орта бизнесті дамытудың екі жолын ұсынады. Ол - салықты жеңілдетіп, халықты отандық өнімді тұтынуға үйрету. Ал  кәсіпкерлік тиісті деңгейде даму үшін отандық өнімге деген сұраныс болуы керек. Ел азаматтары дүкен сөрелерінде қаптап тұрған азық-түлік өнімдерін таңдауда, «Қазақстанда жасалған» тауарларға басымдық бергені жөн. Сонда ғана елімізде орта және шағын бизнес қанат жаяды, - дейді партия өкілдері.

Қуаныш Зейнелов, «Бірлік» партиясының мүшесі: 

Біз әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде отандық өнімді дамыту арқылы, ішкі нарықты өзімізде шығарылған азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуді қолдаймыз. Бұл мәселеге Елбасымыз да үлкен мән беріп жатыр. Сондықтан осы іс - шараларды қолдауға біз белсенді атсалысуға қатысамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ