$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Атырауда 5 күн бойы жауған қар төтенше жағдай мамандарын аяқтан тік тұрғызды

AstanaTV
05.01.2016ж. 20:00
1523
Атырауда 5 күн бойы жауған қар төтенше жағдай мамандарын аяқтан тік тұрғызды

Атырауда тоқтаусыз бес күн жауған қар коммуналдық қызметімен қатар төтенше жағдай мамандарын аяқтан тік тұрғызды. Мереке күндері боран соғып, ауа-райы нашарлағандықтан, республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Ауысымдық тәртіптегі мұнайшылар мен күзетшілер қызмет орындарына жете алмай, жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Облыс орталығындағы жағдай да сын көтермеді. Қала көшелері уақытылы тазаланбай, көлік қозғалысына кедергі келтірді. 50 шақты техника тазалық жұмыстарына жұмылдырылған. Алайда көшелердегі үйілген қарлар әлі азаяр емес.

Әлібек Жанғалиев, Атырау облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлім бастығы:

Шамамен 100 шақты адам құтқарылды қар құрсауынан. Олар алыс жолдарда машинасымен батып қалғандар және жұмыстан қайтып келе жатқан мұнайшылар, вахтадан қайтып келе жатқан. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ