Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылорда мен Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды

AstanaTV
05.01.2016ж. 20:00
1855
Қызылорда мен Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды

Бүгін Қызылорда мен Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды. Ауа райының күрт құбылуына орай төтенше жағдай мамандары ескертулерге құлақ асуға шақырып отыр. Синоптиктер болжамы көңіл көншітпейді.

Елдің бірқатар аймақтарында тағы да жел аралас қалың қар жауады. Бұл туралы Казгидромет мамандары хабарлады. Шығыс пен солтүстікте көктайғақ болып, тұман басуы мүмкін.

Ал Астана мен Алматыда қатты жел мен аяз болады. Сынап бағанасы 26 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.