Валюта
бағамы құбылды. Теңге тағы әлсірей бастады. Күн сайын бір-екі теңгеге қымбаттап
жатқан АҚШ валютасының бағамы бүгін 350-ге жетті. KASE-дегі күндізгі
сауда-саттық қорытындысы бойынша, шартты бірлік бағамы 345 теңгеге жетіп
жығылды. Ал ақша айырбастау пункттерінде көк қағаз 346-350 теңге аралығында
саудаланып жатыр. Осылайша, соңғы 10 күнмен салыстырғанда теңге 10 теңгеге
құлдыраған.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ