Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

2014 жылы 300 нысан жекешелендірілмек

AstanaTV
21.08.2014ж. 20:00
1006
2014 жылы 300 нысан жекешелендірілмек

2014 жылы тағы 300 нысан жекешелендірілмек. Оның 20-сы республикалық, ал 129-ы коммуналдық меншіктегі нысандар. Бұл туралы жекешелендірудің түйткілді тұстары талқыланған жиында Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. Жекешелендірудің екінші толқыны барысында бірқатар проблемалар анықталған. Мәселен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі Жанат Ертілесованың айтуынша, бізде тауар нарығының сараптамасы құпия жүргізіледі.

Жаннат Ертілесова, ҚР ҰКП басқарма мүшесі: 

Жекешелендірудің кешенді жоспарында тауар нарығының сараптамасын жүйелі түрде жүргізу керек деген бөлім бар. Алайда мемлекеттік қызметкерлер бұл ақпаратты коммерциялық құпия санайды. Сондықтан есепті жасырын жүргізеді. Ал Ресейде дәл сондай мәлімет көпшілікке ашық ұсынылады. Біз сіздердің көмектеріңізбен бұл үрдіспен күресіп келеміз.

Жекешелендіруден республика меншігінде болған нысандардан нәпақасын тауып жүрген шағын және орта бизнес өкілдері үрейленіп отыр. Мәселен, Қызылорда қаласындағы мәдени демалыс саябағы сатылымға шығарылған. Ал демалыс орнындағы түрлі атракцион мен ойын-сауық алаңдарынан пайда тауып жүрген бизнес өкілдері жаңа қожайыннан қаймығуда. Өйткені жаңа қожайын жаңа талаптармен келетіні айқын.

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары: 

Ол жерде көптеген кәсіпкер нәпақасын тауып жүр. Сондықтан Қызылорда әкімдігіне тендерді бір жылға кейін шегеру туралы ұсыныс жасаймыз. Сол уақыт аралығында саябақта жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлердің де, халықтың да жағдайын ойлап, тендердің талаптарын тиімді қылып дайындаймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ