Украина
шығысындағы жанжалдан 400 мыңдай тұрғын баспаналарын тастап, бас сауғалап
кетті. БҰҰ дерегі бойынша, 197 мың адам
Ресейге бет алған. Тағы 190 мыңы "босқындар" мәртебесімен
Украинада қалды. Қалғандары өзге мемлекеттерге көшуді жөн көріпті.
Қазақстан
ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Украинаның 37 азаматы біздің елден де
баспана сұраған.
Ал Ресей қоғамдық палатасының келтірген мәліметі бойынша, шығыс
Украинадан қақтығыстан бас сауғалап келгендер саны бүгінде миллионға жуықтайды.
Ресей билігі енді оларды жер-жерге орналастырып, еңбекпен қамтамасыз етпек.
Алайда Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт - Петербор, Ростов және Шешенстан
Республикасына жайғастырмайды деген нақты ақпарат бар.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА