$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының біркелкі форма кигенін құптайды

AstanaTV
25.08.2014ж. 20:00
1769
Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының біркелкі форма кигенін құптайды

Білім және ғылым министрі мектеп оқушыларының біркелкі форма кигенін құптайды. "Шәкірттер бірдей киінсе, кемсітушілік пен ала-құлалық болмайды", - дейді  Аслан Сәрінжіпов.

Аслан Сәрiнжiпов, ҚР Бiлiм және ғылым министрi:

Оқушылардың біркелкі мектеп формасын кигенiн қолдаймын. Бұл, бiрiншiден, оқушылардың тәртiбiн, екiншiден, бір-бірімен тең дәрежеде болуын қамтамасыз етеді, яғни бірінің  киімі арзан, бірінің киімі қымбат деген болмайды. Алайда, бiз мектеп формасының сапалы әрi  қолжетiмдi болуын қалаймыз. Жергiлiктi атқарушы органдар сатып алу процедураларын уақытылы жүргiзiп, қандай да бiр мәселелердiң туындауына жол бермеуi тиiс.

Сондай-ақ, Аслан Сәрінжіпов оқушылардың жазғы демалысына қатысты жалаң ақпаратты жоққа шығарды. Еске салсақ, тамыз кеңесінде халықаралық сарапшылар каникул көлемін қысқарту қажет деген ұсыныс тастаған еді. Дегенмен министр жазғы демалыс мерзімі қысқармайды деп қадап айтты. Алайда, ұстаздарға Астана қаласының әкімі  айтқан сын орынды дейді ол. Айта өтейік, Иманғали Тасмағамбетов  мұғалімдердің көбін  компьютерден  сауатсыз деп айыптаған.

Аслан Сәрiнжiпов, ҚР Бiлiм және ғылым министрi:

Кейбір мектептерде оқушылар ай-ти технологияларды ұстаздардан гөрі жақсы біледі. Сондықтан біз біліктілік курстары кезінде ұстаздардың компьютерлік сауаттылығын жақсартпақ ниеттеміз.

Сондай-ақ, министр биыл  жоғары білім беру орындарында оқыту ақысы көтерілмейді деген жағымды жаңалықпен бөлісті. Әрі техникалық бiлiм тегiн берiлуі ғажап емес.  "Мектептен кейiн балалар далада қалмай, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына қарамастан бiлiм алғанын қалаймыз. Енді ұсынысымызды  үкiмет қарастырады", - деді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА