$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште апат болды

AstanaTV
25.08.2014ж. 20:00
673
Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште апат болды

Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште апат болды. Бүгін түнде  "Қазцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тишинск кенішіндегі "Желдету" шахтасында көтергіш механизм істен шыққан. Дәл осы кезде жер астына түнгі ауысымға 30-ға жуық кенші түскен. Алдын-ала мәлімет бойынша, діңгек тіреуіштерінен түскен бетон бөлшектері көтерменің тор есігін тесіп өткен көрінеді. Салдарынан бір кенші оқиға орнында қаза тапты. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда апат себептері анықталуда. 

Андрей Лазарев, «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер бойынша вице-президенті:

Оқиға орнында "Қазцинк" жетекшілігінің өкілдері, тиесілі қызметтер жұмыс істеуде. Қазіргі таңда ШҚО мен Риддер қаласының әкімдіктерімен бірлескен қызмет атқарылуда. "Желдету" шахтасын тексеру жұмыстары да жалғасуда. Бүгінде кеніш штаттық режимде істеп тұр. Кеншілерді шахтаға түсіру және көтеру Тишинск кенішінің басқа бөлігінде жүргізілуде.

Жұрағат БАМАН


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах