Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағанды облысында көлігімен қызды қағып өлтірген полицей ұсталды

AstanaTV
25.08.2014ж. 20:00
917
Қарағанды облысында көлігімен қызды қағып өлтірген полицей ұсталды

Қарағанды облысында көлігімен қызды қағып өлтірген полицей ұсталды. Жол көлік апаты бірер күн бұрын Топар ауылының маңында болды. Оқиға Қарағанды Ішкі істер басқармасы оңтүстік-шығыс бөлімі бастығының орынбасары өзінің қызметтік көлігімен жергілікті демалыс үйінен қайтып келе жатқанда болған. Оның қасында полицей достары болған.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші  қызды қаққан соң, оған көмек көрсетпей, бой тасалаған. Қыздың оқиға орнында бірден жан тапсырғаны немесе апаттан соң біраз уақыттан кейін қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер жолдағы қыздың денесін басқа автокөлік жүргізушілері тапты дейді.

Жол көлік апатына кінәлі азамат құрықталды. Полицей қанында алкогольдің бар-жоғын және автокөліктің техникалық ахуалын зерттейтін сараптамалар тағайындалды. Оған қоса, полицейдің қасында болған жол көлік оқиғасының 2 куәгеріне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды. 

Бақытжан Кұдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысының орынбасары:

Аталған факті бойынша Қарағанды облыстық ІІД анықтау басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталынған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ