Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ұлттық банк доллар құны дәлізін кеңейтуге шешім қабылдады

AstanaTV
10.09.2014ж. 20:00
1460
Ұлттық банк доллар құны дәлізін кеңейтуге шешім қабылдады

"Теңге құнының дәлізі кеңейді екен деп валюталық алыпсатарлықпен айналысып кетпеңіздер". Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарды осыған шақырды. Бүгін Бас банк отандық валютаның пәрменін күшейтуге шешім қабылдады. Алматыда брифинг өткізген Қайрат Келімбетов мұны ресми түрде жария етті.


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Біз теңгенің ахуалын күшейту қажет деп санаймыз. Оның дәлізін 185 теңге және плюс-минус 3 теңге күйінде қалдырмай, одан әрі кеңейту, яғни күшейту аумағы минус 15 теңге болғаны дұрыс деп ойлаймыз. Мұндай шешімді Ұлттық банк басқармасы үкіметпен өткізген кеңестен кейін шығарды.

Теңге курсының тұрақтылығын күшейту мәселесін Ұлттық банк алтын валюта қорының өсуімен және төлем балансының жақсарғанымен түсіндірді. Қайрат Келімбетов қазақстандықтарды ақшаны банк депозиттерінде сақтауға шақырды. Және жинағының 50 пайызын доллар немесе еврода, ал қалғанын ұлттық валютада ұстауға кеңес берді. Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов қазіргі уақытта девальвацияға ешқандай себеп жоқтығын да алға тартады. "Әлемде мұнай бағасы түсіп кетсе де, ел үшін қауіп жоқ. Ал, долларға шаққандағы Ресей рублі әзірге тұрақты",- деді Ұлттық банк төрағасы.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Ресей рублінің шектеуі 42 рубль. Бұл біз үшін көрші мемлекеттегі экономикалық ахуалдың төмендеп кетуін көрсететін басты белгі болады. Біздің болжамымыз бойынша, жыл аяғына дейін Ресей рублі 38-ге дейін түсіп кетпейді. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ