Төрткүл
дүние көзтіккен "Вуэльта" марафоны жалғасуда. Дәрежелі жарыстың 4-кезеңі Майрена және Кордоба қалаларының арасында өтті. Бұл сында командалар 165
шақырымнан тұратын спринтерлік кезеңде мықтыны анықтады. Межелі жерге санаулы
метрлер қалғанда қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан Германия спортшысы Йон
Дегенкольб жеңіске жетті. Екінші орынды испаниялық Висенте Рейнеса иеленсе,
үшінші сатыны "Орика Грин Эйч" командасының өкілі Майкл Мэтьюс
еншіледі.
"Астана" командасы жарысты пелатонның ішінде аяқтады. Жалпы
есепте өзгеріс жоқ. 4-кезең қортындысы бойында Майкл Мэтьюс жарыс лидерінің
қызыл жейдесін сақтап қалды. Одан 8 секундқа қалып келе жатқан колумбиялық
Найро Кинтана екінші орында болса, үшінші орын Алехандро Вальверденің үлесінде.
"Астана" клубының капитаны Фабио Ару көшбасшыға 45 секунд ұтылып,
22-сатыға табан тіреді.
Самат
ҚАНАҒАТОВ