$525.11 €546.74 ₽4.88
×

«Гүлнәр тур» туристік компаниясы лицензиядан айырылды

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
1003
«Гүлнәр тур» туристік компаниясы лицензиядан айырылды

«Гүлнәр тур» туристік компаниясы лицензиядан айырылды. «Шешім Алматы қаласының арнайыландырылған ауданаралық экономикалық сотында шығарылды», - деп Инвестиция және даму министрлігі туризм департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, «Гүлнәр тур» компаниясын лицензиядан айыру туралы талап арызды сотқа еліміздің бұрынғы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті жолдаған-ды.

Еске салайық, отандық ірі туристік компанияға қатысты кикілжің маусым аяғында басталды. Туристтік мезгіл қызған шақта «Гүлнәр тур» компаниясы өз клиенттерін кідіртіп, тынығушылардың Қазақстаннан Түркияға жетуіне және кері қайтуына жағдай жасай алмады. Осылайша, оператордың туристерге келтірген шығыны 30 миллион теңгеге бағаланды. Маусым айында «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі туристік компанияға қатысты тексерулерін әлі де жүргізуде.

Туристік саладағы шу бұнымен тынар емес. Алматылық құқық қорғаушылар "Алмаз туризм" компаниясының ісімен де шұғылданып жатыр. Бүгінде қалалық ішкі істер департаментіне осы туроператорға наразы 37 адам шағым түсірген. Айта кетейік, "Алмаз туризмнің" кеңсесі әлі де қызмет етіп тұр. Алайда компанияның басшылығы жұмыс орнында жоқ, телефон қоңырауларына да жауап бермейді. 

Не знаю, когда будут?

Вы с ними связь поддерживаете?

Ну, естественно, а зачем бы здесь сидела? Они приезжают, видимо, в другое время. Я здесь не сижу целый день.


Жұрағат БАМАН