Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанадағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде қайырымдылық акциясы өтті

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
1293
Астанадағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде қайырымдылық акциясы өтті

«Үлкенге құрмет - Ата заңдағы міндет». Осы тақырыпта Астанадағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде қайырымдылық акциясы өтті. Астаналық этномәдени бірлестік өкілдері және Парламент мәжілісінің депутаттары қарияларды алдағы келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.

Шара Қазақстан халқы ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Оған Астана қаласындағы украин, ұйғыр, өзбек, ноғай этномәдени орталықтары атсалысты. Акция барысында қазақтың үлкендерді сыйлауға үндейтін мақал-мәтелдері айтылып, сөз алғандар қарияларға ақ тілектерін жаудырды. Сондай-ақ, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлықтар табысталды. Акция соңы арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға жалғасты. 

Хасан Шарипов, Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы өзбек этномәдени  орталығы төрағасының орынбасары:

Жастарымызға үйретеміз. Біздің қарияларымызды ешқашан естен шығармауымыз керек. Бұл қариялар болмағанда, біздің Қазақстанымыз болмайтын еді. Бұл - біздің болашағымыз. Тәрбие алуымыз керек қариялардан.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ