Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскемен көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған ақылды жол белгілері пайда болды

AstanaTV
28.08.2014ж. 20:00
1091
Өскемен көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған ақылды жол белгілері пайда болды

Өскемен көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған ақылды жол белгілері пайда болды. Әзірге бұл тек экспертимент. Мәселен, жыл басынан бері дәл осы жол учаскесінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 30-дан астам жол оқиғасы тіркелген. Жергілікті құрастырушылар оқыс оқиға жиі орын алатын аумақты саралап, жүргізушілердің назарын жарық шамдармен аулауға тырысқан.

Құрылғының өзі диодтық лампалар мен күн батареяларынан тұрады. Жаяу жүргінші арнайы жол жиегіне келгенде, адам жылуына сезімтал құрылғының дабыл жарықтары жанады. Осылайша, жүргізушілер жол бойына жаяу жүргіншінің шыққанын лезде байқайды. Ал түнгі мезгілде жолақ үстінде жарық шамдар қосылып тұрады. Жаңа гаджетті қала тұрғындары "смарт жол белгісі" деп атап та кеткен.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұндай құрылғылар әсіресе білім беру мекемелері қасында, мектептердің жанында орнатылғаны дұрыс. Алайда бұл жаңашылық тек жалғыз осы көше қиылысында орнатылды. Егер де қосымша қаражат тауып жатсақ, "ақылды белгілер" Өскемен жолдарының көп бөлігінде пайда болады деген үміттеміз.

 Жұрағат БАМАН