"ҚазМұнайГаз" өңдеу
маркетинг" компаниясы жанармай нарығындағы ахуалды тұрақтандыру ісімен
айналысып жатқандығы туралы бүгін хабар таратты. "Компания қыркүйекте ішкі
нарықты Ресей өнімдерімен қамтамасыз етеді", - деп баспасөз қызметі хабарлады. "ҚазМұнайГаз" өңдеу және
маркетинг, мұнай өнімдері сатылымын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, Ресейдің бірнеше мұнай компанияларымен келісімшарт жасасты. Олардың ішінде
"Башнефть" және "Лукойл" компаниялары бар.
Тамыздың аяғына
дейін Қазақстанға 34 мың тонна мұнай өнімдері, оның ішінде 10 мың тонна АИ-92,
5 мың тонна АИ-95 маркалы жанармай, 19 мың тонна дизельдік отын импорттау
көзделген", - делінген хабарламада. Алайда Қазақстанның мұнай өнімдеріне
деген сұранысы бұнымен шектелмейді. Компания қыркүйектің ортасына қарай тағы
176 мың тонна мұнай өнімдерін сатып алу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Мұнай
өнімдерін импорттаушы оператордың пайымынша, "ҚазМұнайГаз" компаниясы
мен сала нарығындағы өзге де қатысушылардың бұл қадамдары елдегі мұнай өнімдері
саудасындағы шектеуді алып тастауға септігін тигізеді".
Еске салайық,
21 тамызда "ҚазМұнайГаз" өңдеу маркетинг" компаниясы басшылығы
Астанада брифинг өткізіп, бензин бағасын 10-15 процентке көтеру қажеттігін
мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін, араға күн салмай, Ұлттық экономика министрі
Ерболат Досаев саудаланатын мұнай өнімдері бағасына шектеу бағамдарын бекіту
туралы қаулыға қол қойды, нәтижесінде ең жоғары сұранысқа ие АИ-92/93 маркалары
бұрынғы 115 теңгеден 128 теңгеге дейін қымбаттап кетті. Қымбаттау себебін Қазақстанның импорт бензинге тәуелділігімен түсіндірді.
Жұрағат БАМАН