Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанда Фукусима АЭС реакторының ядролық отын құрамы зерттелмек

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1972
ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанда Фукусима АЭС реакторының ядролық отын құрамы зерттелмек

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы қайғылы Фукусима атом электростанциясы реакторының ядролық отынын балқытып, оның құрамын тексереді. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев мәлімдеді. Ол үшін әйгілі «Тошиба» компаниясының мамандары біздің ядролық орталыққа келген. Бұл жапондық мамандардың Қазақстанға келуінің әзірге жалғыз себебі. «Дегенмен, «Тошиба» компаниясы Қазақстанның тұңғыш атом электростанциясының құрылысын жүргізуге үлкен қызығушылық танытуда», - дейді қала әкімі. 


Нұрбол Нұрғалиев, Курчатов қаласының әкімі:

Біздің ғалымдар «Тошиба» компаниясының тапсырысын орындап жатыр. Яғни Жапония үкіметі «Тошиба» компаниясына Фукусима станциясында болған апаттың себептерін анықтауға тапсырма берген. Өз кезегінде жапондық компания біздің орталыққа ядролық отынды балқытып, зерттеу жүргізуге өтініш жасады. Негізі «Тошиба» Қазақстанның атом электростанциясын салу бастамасына үлкен қызығушылық танытып отыр. Бірақ бұл жолы «Тошиба» мен біздің Ұлттық ядролық орталық арасындағы келісім мәселесімен келді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ