Православтықтардың діни мерекесіне
орай Қызылжарда «Рождестволық ғажайып» атты көрме ашылды. Көрме залына бес
жүзден астам туынды қойылған. Ұйымдастырушылар облыстық бейнелеу өнері
мұражайын тура ертегідей безендіруге тырысыпты. «Періштелер, шыршалар, Аяз ата
және басқа да ғажайып мерекелер
кейіпкерлері көздің жауын алады», - дейді көрмеге келушілер. Шараға облыс
балақайларымен қатар Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарынан да балалар
атсалысты.
Салтанатты рәсімге Петропавл және Булаев Епископы - Владимир, Қазақстан халқы Ассамблеясының
және «Юнеско» клубының өкілдері қатысып, қазылар алқасына мүшелік етті.
Байқауда бағын сынаған балалардың жасына шектеу жоқ. Ең кішкентай қолөнерші
төрт жаста екен. Қатысушылардың жұмыстары жас ерекшеліктеріне және бейнелеу
өнерінің түріне байланысты бағаланды. Барлығы елуге жуық жүлделі орын болды. 7
жасар Мария Мулькова байқауда 2-орынға қол жеткізді. Бүлдіршін «Рождестволық
періштені» өз қолымен жасаған.
Мария Мулькова:
Періштенің қанаттарын қағаз бен
картоннан жасадым. Ал басын доптан. Менің мұғалімім осындай кеңес берді. Ең
қиыны көйлек тігу болды. Екі апта уақытым соған кетті.
Абзал ҚҰРМАНКИН