$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Көк қағаздың бағамы 350 теңге межесінен асты

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1479
Көк қағаздың  бағамы 350 теңге межесінен асты

Бүгін теңге бұрын-соңды болмаған көрсеткішке түсті. КASE қор биржасындағы таңертеңгі саудада бір АҚШ ақшасының бағамы 351,85 теңгені құрады. Осылайша, айырбас пункттерінде шетелдік валюта 352-355 теңгеден саудаланып жатыр. Бұған дейін теңге 349 теңгеге дейін ғана құлдыраған болатын. Айырбас пункттерінде дүрбелең жоқ, ақша тапшылығы да байқалмайды.

Еске салайық, жақында Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап АҚШ ақшасының сатып алу-сату айырмасы 6 теңге, еуро 7 теңге аралығында болатынын мәлімдеген.