$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қытай нарығында өсім пайда болды

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1684
Қытай нарығында өсім пайда болды

Қытай қор нарығында өсім байқалды. Бағалы қағаздар нарығын реттейтін комиссия индекстер құласа, сауда доғарылатын ережені уақытша тоқтатып қойды. Сол-ақ екен, индекстер бірден 2% өсті. Яғни нарық тоқтаудан сақтандырылған соң, сатылымдар жалғасып жатыр.

Ал бұған дейін Пекин қаңтар айының алғашқы жұмасында құлдыраудың әсерінен биржаларды екі мәрте жауып үлгерді. Оған юаньнің девальвациясы, бағалар соғысы, мұнай нарығында ұсыныстың көбейіп кеткені мен шетел қор биржаларындағы төмен көрсеткіштер әсер етті. Соның салдарынан қара алтын құны да құлдырап жатыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ