$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Қамаудағы 3 қытайлық күзетшіні өлтіріп түрмеден қашып шықты

AstanaTV
03.09.2014ж. 10:00
1800
Қамаудағы 3 қытайлық күзетшіні өлтіріп түрмеден қашып шықты

Қытай полицейлері Хэйлунцзян провинциясы Яньчоу аймағындағы түрмеден қашқан 3 қылмыскерді іздестіруде. Олар түрме күзетшісін өлтіріп, тапаншасын қолды еткен. Бүгінгі күні Гао Юйлунь, Ли Хайвэй және Ван Даминь есімді азамттарға іздеу жарияланып, барлық жерлерге қашқындардың суреттері ілінді.

Сотталушылар сейсенбі күні таңғы 6-да күзетшіге шабуыл жасаған. Оны өлтіріп, қаруды алған соң, бостандыққа шыққан. Қылмыскерлерді іздеуге полицейлермен бірге армиядан да едәуір күштер тартылды. Әскер қызметкерлері қашқындар тығылуы мүмкін деген жерлердің барлығын тінтуде. Күдіктілердің үшеуі де көк түсті бірыңғай киімде болғаны белгілі.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ