Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ирактың «Ислам мемлекеті» содырлары тағы бір америкалық журналистті өлтіріп, кезекті бейнежазбаны Youtube порталында жариялады

AstanaTV
03.09.2014ж. 10:00
1044
Ирактың «Ислам мемлекеті» содырлары тағы бір америкалық журналистті өлтіріп, кезекті бейнежазбаны Youtube порталында жариялады

Әлеуметтік желіде азаптап өлтірілген тағы бір америкалық журналистің қазасы туралы видео пайда болды. Журналистті «Ислам мемлекеті» тобының содырлары тұтқында ұстап отырған, - деп хабарлайды Франс пресс агенттігі. Агенттік мәлімдемесі бойынша, өлтірілген азамат- 31 жастағы Стивен Сотлофф.

Сондай-ақ, видеода тұтқында отырған басқа да шетелдіктің өміріне қауіп төніп тұрғаны айтылады. Лаңкестердің сөзінше, ол Ұлыбритания азаматы - Дэвид Хэйнс. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Сотлоффты азаптаған видеоның шынайылығын АҚШ әзірге растай алмайды деп мәлімдеді. Еске салайық, тұтқында отырған Сотлофтың өміріне қатысты қоқан-лоқы көрсетілген видео 19-тамызда жарияланған болатын. Ол кезде жихад әскерилері Сотлофтың өмірі АҚШ Президентінің келесі қадамына байланысты болады деген.

Америкалық журналист Сотлофф өлер алдында Обаманы жүргізген саясаты үшін кінәләп кетті. Ол соңғы сөзінде «Мен ішкі саясаттан көп хабардар болмасам да, сайлау кезінде Обаманың берген уәделері есімде. Ол Ирак пен Ауғанстандағы біздің солдаттарды қайтарып, Гуантанамоны жабамын деген. Қазір Обаманың президенттік мерзімі аяқталуға жақын қалды. Ал айтқан уәделерінің біреуін де орындаған жоқ. Тек бізді - Америка халқын алдап-арбаумен ашық жалынға әкеле жатыр» деді. Еске сала кетейік, Time және Foreign Policy журналдарында қызмет істеген америкалық журналист Стивен Сотлофф 2013 жылдың тамызында Сирияда тұтқындалған.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық