Қостанай облысындағы ірі кәсіпорынның
бірі қазынаны қомақты айыппұлмен толтыратын болды. Өнімінің бағасын қағаз
жүзінде төмен көрсеткен өңірдегі «Соколов-Сарыбай» кен байыту комбинаты, енді
265 миилион тенгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.
Мұндай олқылық аймақтағы прокурорлық тексеріс
кезінде белгілі болған. Алпауыт кәсіпорын басшылары өнім бағасын қағаз бетінде
төмен көрсетіп, мол табысқа кенеліп келген. Осылайша салықты да аз төлеуге тырысқан,
- дейді құзырлы орын мамандары. Алайда акционерлердің құйтырқы ісі алысқа апармады. Рудный кен-байыту комбинаты әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот
шешімі бойынша «Соколов-Сарыбай» акционерлік қоғамы қомақты айыппұлмен қоса, 530 миллион теңгеге жуық корпоративтік табыс салығын төлеуге міндеттелді.
Дамир Аишев, Қостанай облысы
прокурорының аға көмекшісі:
Қағаз жүзінде өнімнің бағасын нарықтағы экспорт құнынан әлдеқайда төмен
көрсету арқылы, табыс көлемін ұлғайтып отырған. Яғни
қазынаға түсуі тиіс салық төлемдерін де аз мөлшерде төлеп келген.
Заңғар САНАЙ