$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Ақтауда жоғалған цезий-137 салынған қобдишаны тапқан адамға 1,5 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалды

AstanaTV
04.09.2014ж. 10:00
1189
Ақтауда жоғалған цезий-137 салынған қобдишаны тапқан адамға 1,5 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалды

Жоғалған цезий-137 салынған қобдишаны тапқан адамға 1 жарым миллион тенге сыйақы тағайындалды. Бұл туралы радиоактивті контейнерді іздеу үшін жасақталған шұғыл штаб ресми хабарлама таратты.

Айта кетейік, қауіпті жүкті ақтөбелік фирма тасымалдаған. «Қазпромгеофизика» АҚ-ның бас директоры Марат Бижанов қазір Ақтау қаласында цезий-137-ні іздеумен айналысып жатыр. Ғаламторда жарияланған ақпаратқа сәйкес, «Қазпромгеофизика» АҚ Маңғыстау филиалы геология, геотехника, геохимия және мұнай өндіру саласында жобаны жасақтау бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, компания геофизикалық түсірілімдер мен іздестурімен айналысады.

Еске салсақ, радиоактивті қауіпті зат тамыздың 27-сі жоғалды. Ол Оралдан Маңғыстау облысына бет алған КамАЗ көлігінен түсіп қалған деген болжам бар. Полиция пайымынша, ғылыми мақсатта Маңғыстауға жолданған цезий Сайөтпес-Шетпе жолында түсіп қалуы мүмкін. 50 келілік темір контейнердің із-түссіз жоғалып кетуі мүмкін емес.

Полиция өңір тұрғындарынан күдікті контейнер табылған жағдайда оны ашпауын өтініп отыр. Өйткені, Цезий-137 адамды сеспей қатыратын улы зат. Цезий сәулесі рентген терапиясы мен өлшеу құралдарында пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл заттан бомба да жасауға болады екен.

Базаркүл ІЗІМОВА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах