$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Эбола безгегіне қарсы күреске 600 млн доллар бөлу қажет

AstanaTV
04.09.2014ж. 10:00
1054
Эбола безгегіне қарсы күреске 600 млн доллар бөлу қажет

Эбола безгегіне қарсы күреске 600 миллион доллар қажет. Бұл жайында БҰҰ Эбола безгегі мен күрес бойынша арнайы үйлестірушісі Дэвид Набарроға сілтеме жасап Рейтерс хабарлады.

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санағы бойынша бұл сома 490 миллионнан аспаған еді. Өз кезегінде АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігі вирусқа қарсы эксперименталды вакцина дайындап шығаруға 42 млн 300 мың доллар бөлмек. Ал Канада ғалымдары антидоттың алғашқы нұсқаларын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жеткізуге дайын.

Алайда, Канада денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы, ШОН Эптон мәлімдегендей, бүгінде логистикалық қиыншылықтарға байланысты бұл мүмкін болмай тұр. Өйткені дәрі-дәрмек өзінің қасиетін жоғалпас үшін салқын күйде сақталуы тиіс.

Еске салайық, Эбола безгегінің таралуы осы жылдың ақпан айында Гвинеядан басталып, кейін Сьерра-Леоне, Либерия және Нигерияға жайылды. Осыдан бір апта бұрын аса қатерлі індет Конго мен Сенегал елдеріне жеткені белгілі болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан соңғы ақпарат бойынша Эбола вирусынан 1 900-ден астам көз жұмған. Жалпы, безгекті жұқтырудың 3,5 мыңнан астам дерегі тіркелген. Өткен бір аптаның ішінде қатерлі аурудан 400 адам көз жұмған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ