$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Өскеменнің облыс әкімі бағаны тұрақтандыруға бағытталған арнайы қорлар құруды тапсырды

AstanaTV
04.09.2014ж. 10:00
977
Өскеменнің облыс әкімі бағаны тұрақтандыруға бағытталған арнайы қорлар құруды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудан және қала әкімдеріне негізгі азық-түлік және жеміс-көкөніс бағаларын қадағалау үшін 10 күн ішінде тұрақтандыру қорларын құруды тапсырды.

Бұған дейін өңірде тек жалғыз - облыстық қор жұмыс істеп келген. Енді қазіргі халықаралық қиын жағдайды ескере отырып, жергілікті жерде, аудан ішіп-жемінің қоймаларында көкөніс, ұн және қажетті азық-түліктің 10 пайыздық қоры болуы тиіс. Қазір шенеуніктер шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен қажетті келісімдерге қол қойып, көкөніс қоймаларының жайын ойластыруда. Тапсырманы 10 күннің ішінде орындамаған әкім орнынын босатылуы мүмкін екенін ескертті.

Нұрлыбек Шерубаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Базардағы бағаның күрт көтерілген жағдайында, аталмыш қорлар бағаны төмендетуге септесер еді, бұл бір. Екіншіден, өңіріміздің қатаң климатын білесіздер. Аудан және қала әкімдері енді әкімшілік қорлардан бөлек, қажет жағдайда нарыққа қолда бар ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарып, экономикалық табыс көрер еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ