Ақтаудағы
мемлекеттік балабақшалар жаңа жұмыс кестесіне
көшті. Осыған дейін ата-аналарға балаларын кешкі беске дейін алып кету талап
етілген. Бірнеше жыл бұрын бақшаларда
кезекші топтар құрылып, олар балғындарға кешкі алты жарымға дейін бас-көз болатын. Енді қаңтар айынан тәрбиешілердің жұмыс уақыты ұзартылып отыр.
Ақбөпе
Ысқалиева, Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
Бүгінгі
таңдағы бір үлкен өзгеріс - бұл 2016 жылдан бастап балабақшалардың жұмыс уақыты
таңертеңгі 08.00-ден 18.30 дейін болып өзгертілуі. Осы кезге дейін ата-аналар
17.00-де балаларын алып кету керек болса, бүгінгі таңда біз бір жарым сағатқа
ұзарттық. Ата-аналар үшін бұл үлкен қуаныш деп айтуға болады.
Уақыттың
ұзарғанымен, ақы да өсті. Енді ата-аналарға бір күнге 511 төлеуге тура келеді.
Ал ай сайынғы төлемнің құны 9681 теңгеден 10731 теңгеге дейін өсіп отыр. Бұл
ақшаға төрт рет тамақтану кіреді.
Бір
қызығы, егер ата-аналар ұл-қызын ескі кесте бойынша алатын болса, ақы сол
күйінде қалады. Жаңа жүйе ақтаулық тұрғындарға ұнап отыр.
Ольга
Брагина, үш баланың анасы:
Менің
3 балам бар. Барлығы да мектепте түстен кейін оқиды. Сондықтан да балабақшадан
алып кететін адам болмайды. Көршім екеуміз кезектесіп әкетеміз. Десе де, жарты
жыл бұрын да, сәбиіммен үйде отырған кезде үйдің тірлігіммен шыға алмайтын
едім. Көпшілік қарсы болғанмен, мен үшін ыңғайлы.