Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада жеке сектордағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 30 пайызға артқан

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1082
Астанада жеке сектордағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 30 пайызға артқан

Астанада өрттен қаза тапқандар 30 пайызға артқан. Екінші орында Қостанай облысы тұр. Бұл туралы арнайы брифингте Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі мәлім етті. Республика бойынша тіркелген тілсіз жаудың 80 пайызы жеке секторда тұтанады екен.

Өткен жылы 9 мыңнан астам өрт тіркеліп, 307 адам қайтыс болған. Ал былтыр ең жиі өрт болған өңірлердің тізімін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Оған тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамауы себеп,- дейді мамандар. Жер үйде пештерді дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау фактілері көп. Сондай-ақ электр құралдарын монтаждау мен пайдалану қағидаларын өрескел бұзу тыйылмай тұр.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

Өрттердің саны ауылдық елді мекендер емес, керісінше, қалада артқан. Қаншалықты өркениетке жақын орналасқан, ақпаратқа қанық деп ойласаң да, керісінше, өрт жиі қалада болады. Қызыл жалынның кесірінен қаза тапқан адамдардың 60 пайызға жуығы қалада қайтыс болған.

Берік ХАСЕНОВ