$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Алматыда күрделі математикалық модельдеу компьютері тапсырылды

AstanaTV
05.09.2014ж. 13:00
1552
Алматыда күрделі математикалық модельдеу компьютері тапсырылды

Алматыдағы ақпараттық және ғарыштық ұлттық ғылыми зертхана жаңа есептеуіш кластерімен толықты. Заманауи технология тілінде «суперкомпьютер» деп аталатын жобаның Қазақстанда пайда болғанына көп уақыт өтпеді.

Бұған дейін «Қазақфильм» киностудиясының «Ер төстік және Айдаһар» толықметражды анимациялық фильмі осы компьютерлер көмегімен өңделген. Енді бұл жүйе Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техника университетінің тәлімгерлері мен ғылыми қызметкерлеріне де қол жетімді болды. Ғарыштық технологияны зерттейтін мамандар осы оқу орнында білім ала жүріп, жаңа жүйені де арнайы зертханада меңгеріп шықпақ.

Есептеуіш кластерін Үкімет жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия еліміздің «стратегиялық жобаларының» қатарына енгізіп, оны мақсатты түрде қаржыландыруды бастады. Орталықтағы суперкомпьютерлер Орталық Азиядағы ең алғашқы ғарыштық ғылыми зертханада қолданыла бастады.

Жексенбек Әділов, экономика ғылымдарының докторы:

Бұл кластер Қазақстанда әзірге біреу-ақ. Қазір компьютердегі есептегішердің жылдамдығын сегіз есе ұлғайттық. Бұрын он болса қазір 80-ге жетті. Персоналдық компьютердің санайтыны 200 жыл болса, бұл компьютерде бірнеше айда санауға болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ