Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өскеменде балет студиясы ашылды

AstanaTV
05.09.2014ж. 13:00
1286
Өскеменде балет студиясы ашылды

Бұрынғы Семей полигонының орнында балет өнері дамымақ! Атом бомбалары сан мәрте жарылған алаңның маңындағы Саржал ауылында балет студиясы ашылды.

Шәкірттерге тәжірибелі маман Әсем Сәкенова сабақ бермек. Өнердің осы түрімен 20 жылдан бері айналысып келе жатқан хореограф жақында туған ауылына оралып, жеке балет сыныбын ашуға бел буған. Бұл бастаманы жерлестері бір ауыздан қолдады. Тың үйірме балаларға спорттық және шығармашылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жаңа мәдениет үйінде арнайы бөлме бөлінді. Зал күрделі жөндеуден өтіп, толық жарақтандырылған. Балетке ден қоямын деушілердің қатары қалың. Қыздар осы уақытқа дейін кей жаттығуларды оңай меңгеріп, кішігірім нәтиже көрсете бастады.

Әсем Сәкенова, хореограф:

Біз 16 жыл болды осындай зал күткенімізге. Облыс әкіміне рақмет.

Шалғайда орналасқан ауылда балет өнерінің дамып жатқаны шенеуніктерді де таңқалдырды. Кішкентай бишілерге облыс әкімі қолдау көрсететінін айтты. Бұл орайда демеушілер де қарап қалмады. Олар бишілерді арнайы киімдермен қамтымақ. Ал жергілікті спорт басқармасының өкілдері гимнастикалық құрал-жабдықтар сатып аламыз деп уәде етті.

Абзал ҚҰРМАНКИН