Қызылорда
облысындағы Қаракеткен ауылының № 114 орта мектебінде оқу процесімен қатар
жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер «Атамекен» ЖШС жоспарланған уақытта
жұмыстарын бітірмеген.
"Келісімшарт бойынша, үш қабатты мектептің
күрделі жөндеу жұмыстары 14 маусымда басталып,
31 тамызда аяқталуы тиіс болатын", - дейді аудандық білім бөліміндегілер.
Мектеп асханасы, спорт және акт залына, киім ілгіш бөлмесіне және пән
кабинеттеріне, сондай-ақ, дәлізді жөндеуге аудандық бюджеттен барлығы 72
миллион 142 мың тенге қаражат бөлініпті.
Қалдыбек
Маханов, мердігер компанияның өкілі:
3-4
күн қалды, жасап жатқан жұмыстарымыз сыртқы терезелердің откостары, осы аптаның
аяғына дейін бітіреміз. Біз кедергі жасап отқан жоқпыз, сыртқы жұмыстар жасап
жатқанымыз, ішкі класстар емес. Светтерді қосып, тексеріп жатырмыз.
Жалағаш
аудандық прокуратурасы тиісті лауазым иелерін жауапқа тарту туралы аудан
әкіміне ұсыныс жасаған. Оқушылар болса, құрылыспен жарыса білім алып жатыр.
Хадиша
Жұмағулова, Жалағаш ауданының прокуроры:
Біз
аудандық әкімшілікке ұсыныс беріп жатырмыз, осы лауазымды жауапкершілікке
тартып, мердігерді жұмысты аяқтауға міндеттеу жөнінде талап арызды сотқа
береміз және осы Заңда көрсетілген жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде талап
арыз беріледі. Және де айыппұл өндіру жөнінде кешіктірген ауытқу үшін, талап-арыз беру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс дайындалып жатыр.
Шарипа САҚТАПОВА