Композитор - сазгер емес, ал музей - мұражайға жатпайды. Қазақ тіліндегі сәтсіз
аудармалар сөздік қорымызды байытпайды, керісінше, зиян. Парламент Сенатының
депутаты Нұрлан Оразалин осыны айтты. Дегенмен, қазіргі қазақ тілінде баламасы
табылған сіңімді сөздердің орынды қолданылып жүргенін мойындады.
Жуырда
отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Мемлекет басшысы
жекелеген ұғымдарды орынсыз қазақшалауға қатысты сын айтқан болатын. Нұрсұлтан
Назарбаев шетел тілінен аударылған кей сөздер мағынаны ашпайтынын айтқан
болатын.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде сенатор Нұрлан Оразалин осы
мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Оның ойынша, шет тілінен арналған
терминдер мен сөздер туған тілімізді байытпаса, кемітпейді.
Нұрлан
Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сөздік
қорымызды байытып емес, керісінше, кесірін тигізетін жөнсіз аудармалар
жасаудың, толықтырулар енгізудің қажеті жоқ. Мысалы, «интернационализм».
Сондай-ақ Елбасы «композитор» сөзін де мысалға келтіріп өтті. Композитор бүкіл
әлемде композитор. Сондай-ақ орыс тілді сөздер де жиі қолданылып жүр. Сәтті
аудармалар да бар. Мысалы «самолет» сөзінің аудармасы «ұшақ» сөздік қорымызға
сәтті сіңісті. Бұл құптарлық. Ал композиторға келетін болсақ, оны аудармалау
шынымен артықтау деп ойлаймын.
Тоғжан
ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ