$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Шекарашылар ірі көлемдегі героин тасығандарды ұстады

AstanaTV
08.09.2014ж. 13:00
1293
Шекарашылар ірі көлемдегі героин тасығандарды ұстады

Отандық шекарашылар Қазақстаннан Ресейге 34 келі героин алып өтпек болған Қырғыз Республикасының төрт азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Қостанай шекара жасағы «Қайрақ авто» өткізу бекетінің шекара наряды тексеру барысында «Мерседес Бенс» автокөлігін тоқтатады. Темір тұлпар Қазақстаннан Ресейге бет алған еді. Қызметтік иттерді пайдалану нәтижесінде, көліктің артқы орындығының астынан ірі көлемдегі есірткі заты табылды. Героиннің жалпы салмағы - 34 келі. Қазіргі күні аталған факті бойынша Қостанай облыстық құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу жұмыстары басталып кетті.

Оксана Парпура, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің баспасөз хатшысы:

Тексеру кезінде шекарашылар автокөлік еденінен жаңадан бояу жағылған жерді байқайды. Ол жерден сірке суының ерекше иісі бар, ақ түсті зат - героин табылған. Ірі көлемде есірткі затын тасымалдамақ болған азаматтарға қатысты тергеу жүргізілуде.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ