$526.5 €611.64 ₽6.72
×

АШМ экс-вице-министрі ісіне қатысты сот процесінде 12 куәгер тыңдалды

AstanaTV
08.09.2014ж. 20:00
1437
АШМ экс-вице-министрі ісіне қатысты сот процесінде 12 куәгер тыңдалды

"Вакцина сатып алу барысында басшылық тарапынан қысым болған жоқ." Ауыл шаруашылығы министрінің экс-орынбасары Мүсілім Өмірияевтың ісіне қатысты сот процесінде куәгерлер осылай деп мәлімет берді. Бүгін аталған іске орай 12 куәгер тыңдалды. 

Алматылық "Ветснаб" және "Алматы трейдинг" серіктестіктерінің өкілдері сот алдында жауап берді. Айта кетейік, аталмыш компаниялар ірі қарада кездесетін аусыл індетіне қарсы вакцина сатып алумен айналысады. Сот процесі барысында қос компанияның басшысы Дмитрий Вольцберг вакцина алу кезіндегі байқау барысында басшылық тарапынан еш қысым және килігулер болмады деп мәлімдеді. "Мүсілім Тайырұлы тендерге қатысты істе ешкімге жекелеген тапсырма берген жоқ. Байқау барлық заңнамалық нормаларға сәйкес жүргізілді", - деді  ол.

Еске салайық, Мүсілім Өмірияев былтыр қаржы полициясымен тұтқындалған. Ол аусыл індетіне қарсы вакцина сатып алу кезінде кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталуда. Тергеу мәліметіне сай, экс-вице-министр алғашқыда 6 млн 950 мың, кейін тағы 100 мың доллар пара талап еткен.

Жұрағат БАМАН